Created: 23 Сәуiр 2022
38

Мектебімізде 11-15 сәуір аралығында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы оздырылды

Мектебімізде 11-15 сәуір аралығында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы оздырылды. Апталық мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген қызығушылығын ояту. Апталық тақырыбын «Ахаң ұлт-ұстазына» арналды. Апталықта 11 «А»сыныбында Ж.Молдағалиев «Бауырлар», 6 «А»сыныбында «Әлемдегі таңғажайып кітапханалар», 4 «В» сыныбында «Қазақстанның тұңғыш ғарышкері» атты ашық сабақ өтті. Бастауыш сыныптарда «Ертегілер әлемінде» атты ертегі қойылымдарымен жалғасып,Қадыр найзағайлы ақын атты әдеби кеш және «Ұстаздық еткен жалықпас» атты жас мамандарға эссе байқауы оздырылды. Апталықтың соңында белсене қатысқан ұстаздар мен оқушылар марапатталды.

Пән мұғалімдері: Есендиярова Ж.И, Утешова Г.А, Койлыбаева Г.Б