Created: 09 Сәуiр 2022
40

Көркем еңбек, музыка пәндері әдістемелік бірлестігі

Әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: 

Көркем еңбек және музыка пәндерінде білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру шығармашылық қабілеттерін арттыру 

Әдістемелік бірлестік тақырыбының мақсаты:

  • Көркем еңбек  және музыка пәндерінде оқушылардың өз бетінше білім алу қызметін ұйымдастыруға;
  • Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастыру 
  • Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
  • Көркем еңбек және музыка пәндерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың тиімділігіне қол жеткізу
  • Жаңартылған білім беру негізінде оқушының функционалдық сауаттылығының сандық және сапалық көрсеткіштерін айқындап, бірлескен жұмыстың нәтижелі жетістіктерін көрсету 
  • Оқушылардың шығармашылық құзыреттіліктерін арттыру.
  • оқушылардың өз - өзіне адамдарға және қоршаған ортаға деген құндылық қарым - қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық және кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;

Әдістемелік бірлестік тақырыбының міндеттері:

  • Мұғалімдердің   ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде  жұмыс  жүргізуіне  жағдай жасау;
  • Мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологиялар мен инновацияларды меңгеруге, өз тәжірибесіне енгізуге көмек көрсету;
  • Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, үйрену, ендіру;
  • Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін, кәсіби деңгейін арттыру арқылы сапалы білімге қол жеткізу;
  • Ерекше қабілетті оқушыларды анықтап, қабілетіне қарай шығармашылыққа баулу.

Көркем еңбек және музыка пәндері әдістемелік бірлестігінің құрамында  3 адам бар.

Педагог сарапшы -  Кашкинбаева Турснай Кайрбаевна, Султанов Куандык Магпозович

Педагог-Модератор-Жардемова Оралгүл Маратовна

Тегі, аты, әкесінің аты   Кашкинбаева  Турснай  Кайрбаевна

Лауазымы,   жұмыс,   қызмет   Орал қаласы  № 45 жалпы орта білім беретін мектептің , музыка  пәнінің мұғалімі

Туған жылы  03.04.1987

Ұлты қазақ

Білімі жоғары

Жалпы жұмыс өтілі 13  жыл 

Саладағы жұмыс өтілі 13 жыл

Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі 13  жыл

2020ж  «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты білім жетілдіру курсы

2020ж ылы Республикалық «Білім-ғылым-инновация: ізденіс және тәжірибе» ғылыми-әдістемелік материлдар байқауынан «Үздік сабақ жоспары» номинациясы

2020жылы Музыка пәнінен өткізілген мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасынан III дәрежелі диплом

2020жылы Музыка пәнінен өткізілген мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасынан I дәрежелі диплом

2021 жылы қалалық «Үздік цифрлық сабақ» байқауында III орын

2021ж Қалалық білім беру бөлімінің «Құрмет грамотасы»

2021ж Қалалық «Ән STAR» патриоттық ән байқауында Алғыс хат

2022ж  Респупбликалық ән байқауға оқушы дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Шығармашылық жұмыстары

23.09.2020ж «Білім-ғылым-инновация:ізденіс және тәжірибе» Республикалық ғылыми-әдістемелік материалдар жинағына «Музыкадағы жыл мезгілдері» тақырыбындағы сабағы,

2020 жылдың қазан айында «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық журналында «Музыка пәні бойынша білім беру мазмұнын жаңарту- бүгінгі күннің талабы» тақырыбындағы  мақаласы №10(151), жарық көрді.

2020жылы «Халық әндерін хормен орындау арқылы оқушылардың көркемдік талғамын дамыту» атты хор үйірмесіне арналған әдістемелік құралы, №1 хаттама 9-қазан, 2020ж қала көлемінде таратылды.

 


Султанов Куандык Макпозович

Туған жылы :  23 қазан 1988 жыл

Ұлты: қазақ

Білімі: жоғары

Педагогикалық еңбек өтілі: 8 жыл 2 ай 

Санаты: педагог-сарапшы

Білім бойынша мамандығы: Көркем еңбек пәні мұғалімі

Мекен-жайы: БҚО, Орал қаласы,

Жұмыс орны:  № 45 ЖОББМ

Мұғалім жетістігі туралы мәлімет

Қалалық:

2019 жыл  «Мирас» туристік күркелі лагерінде өз тәлімгерлік шеберлігін көрсеткені үшін Султанов Қуандық Мақпозұлы марапатталады.

2021 жыл қалалық « ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ » Білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Султанов Қ.М. марапатталады.

2021 жыл қалалық «Алғыс хат» ҚР. Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» марафоны аясында көркем еңбек пәні мұғалімдері арасында өткен «Тәуелсіздік тұғырым» атты шығармашылық көрме-байқауында ағаш техника бағыты бойынша белсене қатысқаны үшін 45 ЖОББМ-нің көркем еңбек пәні мұғалімі Султанов Қ.М. марапатталады.

Іс-тәжірибе тарату:

2020 жыл  «Жіппен тоқу» үйірме бағдарламасы ( 9 сыныпқа арналған) № 45 орта жалпы білім беретін мектептің Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қ.М.Султановтың іс-тәжірибесінен. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

 


Мұғалім туралы мәлімет

Аты – жөні: Жардемова Оралгул Маратовна

Туған жылы: 03.07. 1987ж.

 Ұлты: қазақ

 Білімі: жоғары

Мамандығы: « Технология » пәнінің мұғалімі, « Кәсіптік білім»

Бітірген оқу орны: Ж. Досмухаметов атындағы педагогикалық колледжі 2005-2008ж М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2009-2012ж

Педагогикалық еңбек өтілі: 6 жыл, 9ай

Санаты: педагог-модератор

Проблемалық тақырыбы: Эстетикалық білім беру арқылы оқушыларды ұлттық шығармашылық бағытта тәрбиелеу

Жұмыс орны: №45 жалпы орта білім беретін мектебі

Атқаратын қызметі: Көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Мекен жайы: БҚО Орал қаласы Жүсіп Көпеев көшесі №16

Мұғалім жетістігі туралы мәлімет

Қалалық :2021 жылы Қайырымдылық айлығы аясында оздырылған «Жүрегім толы мейірім» тақырыбындағы суреттер шеруіне қатысқан үшін Алғыс хат.