Created: 16 Қыркүйек 2022
13

Тәрбие бағыттар

 

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:

«Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 26 желтоқсан 2011жыл  №518- IV Кодексі.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы  /345Заңы;

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169- VI Заңы;

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  №319Заңы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік   бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  12 маусымдағы №248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері   

Тәрбиенің бағыттары:

1.      Бағыты: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие
Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа, заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот азаматты қалыптастыру.

2.      Бағыты:Рухани-адамгершіліктәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы «Рухани жаңғыру» құндылықтары негіздерінің, оның ішінде «Құндылықтарға негізделген білім беру», «Қоғамға қызмет» жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру.

3.      Бағыты: Ұлттық тәрбие
Мақсаты: Жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау.

4.      Бағыты: Отбасылық тәрбие
Мақсаты: Ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.

5.      Бағыты: Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:
 кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту.

6.      Бағыты: Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
Мақсаты:
 әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.

7.      Бағыты: Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: 
Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимәдени орта құру.

8.      Бағыты: Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Мақсаты:
 Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.

 

Пікір қалдыру