Created: 16 Қыркүйек 2022
8

Оқушыларға

Атауы Жүктеу
1 Қоңырау кестесі
2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ  МІНДЕТТЕРІ  МЕН  ҚҰҚЫҒЫ
3 Пайдалы сілтемелер

№45 ЖОББМ-нің 1-11 сынып оқушыларына арналған
жадынама

1. Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.
2. Елді-мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;
3. Жаяу жүргінші жолды жерасты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;
4. Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;
5. Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;
6. Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;
7. Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.

ЖЕКЕ ЖҮРСЕҢ:
1. Жаяу жолдың оң жағымен жүр;
2. Жүгірме, асықпай адымда;
3. Жол жиегінен (бордюрден) аттама, оның үстімен жүрме;
4. Жаяу жол үстіндегі кедергілерді жолға шықпай айналып өт;
5. Жаяу жолдың ортасына тұрма, үйлерге жақын барып тұр;
6. Жаяу жол үстінде ойнап, алыспа;
7. Әлдеқандай затыңды көлік жолға түсіріп алсаң, ересектердің бірінен жәрдем сұра;
8. Жолаушылар үшін жасаған қоршаудан қарғыма. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.

ТОППЕН БІРГЕ ЖҮРСЕҢ:
1. Қатардан шықпа;
2. Алысып ойнама;
3. Жүгірме, секірме, итеріспе;
4. Шуылдама;
5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама;
6. Әлдеқандай затыңды көлікжолға түсіріп алсаң, жаяужол үстінде тұрып ересектерден жәрдем сұра.

{gallery}/-1-/14/3/1{?gallery}


09.09.2022ж 2-3 сынып ата –аналарына, 12.09.2022 жылы 4 сынып ата-аналарына отбасылық құндылықтарды нығайту, Кішкене күнінен бастап жағымды адамгершілік қасиеттерді – еңбексүйгіштікті, шыдамдылықты, жұмсақтықты, ұқыптылықты, қарапайымдылықты, адалдықты дарыту, балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары, балалардың қауіпсіздігі, балада тұрақты жағымды өзін-өзі бағалауды қалыптастыруда құнды ақпараттармен беріліп, тренинг ұйымдастырылды. #45жоббм_07 #45жоббм @bqobilim @oral_bilim

 {gallery}/-1-/14/3{/gallery}


09.09.2022жылы мектептегі педагог- психологтың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мектепалды даярлық тобында «Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің психологиялық ерекшеліктері»тақырыбында ағарту шалаларында 5 жастағы балалардың ақыл –ой, физиологиялық, танымдық үдерісінің даму ерекшелігі және дамытудың әдіс – тәсілдері туралы ақпарат және кеңестер берілді. @bqobilim @oral_bilim #45жоббм #45жоббм_07


14.09.2022 жылы мектебімізде отбасы мерекесіне орай 3 а және 3 б сынып оқушылары мен ата-ана арасында "Білімділер додасы " атты математикалық сайыс оздырылды. Нәтижесінде қатысушылар 1,2,3 орындармен марапатталды. #45жоббм #45жоббм_07 @bqobilim @oral_bilim


Ағымдағы оқу жылында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және көркем өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің оқытушысы Бактыгулова Гүлбаршын Сапарқызының жетекшілігімен даярлық тобына мектебіміздің оқушылары қабылданып, 3 бағыт бойынша білім алуда. Оқушыларымыз сурет, сәндік қолданбалы өнер және мүсіндеу, дизайн бағыттарындағы сабақтарында шығармашылықпен жұмыстануда. @bqobilim @oral_bilim #45жоббм #45жоббм_07



Жазғы лагерь демалушыларымыз “Балдырған” және “Достық” тобы табиғат аясында демалыста


Занятие по ПДД
#45жоббм #45жоббм_07


“Балдәурен” жазғы лагерінде “Лагерь Ханзадасы мен Ханшайымы” сайысы өтті.
Бүлдіршіндеріміз
1)таныстыру
2)өз өнерін көрсету
3) сән көрсету
бөлімдерімен бақ сынасты
Әділқазылардың шешімімен лагеріміздің ең үздік жұбы анықталды


“Балдырған” және “Достық” тобы


16.06.2022 күні мектебімізде "Балдәурен" жазғы лагерінің 2-ауысымының ашылуы салтанаты өтті. Лагердің басты мақсаты : балаларға жақсы көңіл - күй сыйлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қызықты ойындар арқылы балаларға керемет эмоция сыйлау. 


Достық және Балдырған тобы демалушыларымыз эстафеталық жарыста


01.06.2022 күні мектебімізде "Балдәурен" атты жазғы лагерінің ашылуы салтанаты болды. Лагердің басты мақсаты : балаларға жақсы көңіл - күй сыйлау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қызықты ойындар арқылы балаларға керемет эмоция сыйлау. Лагерьдің ашылу салтанатымен мектеп директоры: Сагынгалиева Л.Т құттықтап, лагерьдің жалғасы қызықты ойындар топтамасымен, бимен аяқталды.


02.06 күні тәртібі бойынша “Достық” тобының демалушыларына қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, суреттер салынды. Сурет салып болған соң демалушы оқушыларға қызықты ойындар ойнатылды.


02.06 күні тәртібі бойынша “Балдырған” тобының демалушыларына қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, суреттер салынды. Сурет салып болған соң демалушы оқушыларға қызықты ойындар ойнатылды.

 


Жазғы лагерь
“Балдырған” және “Достық” тобы демалушыларымыз


06.06 Жазғы лагеріміздегі “Балдырған” және “Достық” тобы демалушыларымыз хайуанаттар бағында


07.06.2022ж Жазғы лагеріміздің “Достық” және “Балдырған” тобы “Киноплекс” кинотеатрында


08.06.2022ж Жазғы лагеріміздің “Достық” және “Балдырған” тобы «Пушкин» музейінде


09.06.22 Достық және Балдырған тобы демалушыларымыз “Гагарин” кинотеатрында


10.06.22 «Достық» және «Балдырған» демалушыларымыз Орал теміржол мұражайында


10.06.22 «Достық» және «Балдырған» демалушыларымыз эстафеталық жарысқа қатысты


Анықтама

🔰Қаңтар айының 26ы күні "Ұшқыр ой алаңы" республикалық дебат турнирінің қалалық іріктеу кезеңі онлайн форматта Зумм платформасы арқылы өтті.
📍Қалалық пікірсайыс турниріне 20 команда қатысып тартысты дода болды. Тартысты бәсекеде мектебімізден "Наркескен"тобы атынан қос оқушымыз қатысты. Дарынды оқушының ақыл—ойының эмоциалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі екені анық.Ойыншылардың бұл ойында оқушыларға тың шабыт бергені анық. Оқушыларымызға алғыс айта отырып, алдағы сабақтарына мол табыс тілейміз. @oral_bilim @os_oral07 @bqobilim

Анықтама


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналган 4желтоқсан күні Орал қаласы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылар арасында«Тәуелсіздік – елдің ұрпағымын” атты қалалық пікір-сайыс турнирінде мектебіміз “Жас Ұрпақ “ фракциясы 2орын мен марапатталды. Құттықтаймыз ✊🏻🤗🏆
@oral_bilim
@bilim_jane_gylym

Ағымдағы жылдың қараша айының 30-ы күні Орал қаласы Ішкі істер департаментінде Тұңғыш президент күніне орай өткен шараға мектебіміздің Сұңқар сақшылары қатысып келді. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мектеп оқушыларына музейге экскурсия жасап, шара соңында мерекелік концертке қатысып, оқушыларға сыйлық таратты.
#45жоббм_07 #45жоббм
@bqobilim @bilim_jane_gylym @oral_bilim

 
Пікір қалдыру