Created: 16 Қыркүйек 2022
14

Ата-аналарға

Атауы Жүктеу
1 Пайдалы сілтемелер
2 Жадынама
3 АТА – АНАЛАР  ҚҰҚЫҒЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ

 


14.09.2022 жылы мектебімізде отбасы мерекесіне орай 3 а және 3 б сынып оқушылары  мен ата-анаарасында "Білімділердодасы" атты математикалық сайы создырылды. Нәтижесінде қатысушылар 1,2,3 орындар мен марапатталды.

 


“Отбасы-бақыт мекені” атты 1-2 сыныптар арасында фото көрме ұйымдастырылды.

 


“Отбасылық құндылық” 5-6 сыныптар арасында қабырға газеті ұйымдастырылды.

 


15 қыркүйек "Отбасы-бақыт мекені" апталығы аясында 4 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында "Мен,сен,ол- салауатты жанұямыз" спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: спортқа деген қызығушылықты арттыру, салаутты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, ата-ана мен қарым-қатынасты нығайту. Сайыс қорытындысы нәтижесінде командалар дипломдар мен марапатталды.

 


Мектебіміз де “Берік отбасы-қоғамның тірегі” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, мектебіміздің “ЖасҰлан” ұйымының белсенділері қатысты.

 


Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі – еңбасты байлық. Сондықтан да мектебімізде қауіпсіздік ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, ағымдағы оқу жылының 12-16 қыркүйек аралығында оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік ережелері таныстырылды. Сонымен бірге, 1-11 сынып оқушылары мен МАД тобының тәрбиеленушілеріне «Жолда жүру ережесі» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілде.

 


Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының адал азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұя да не көрсе, ұшқан да сонны іледі» – дегендей, есікіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Сонымен қатар ұрпақ тәрбиесінде мектептің де алатын орыны ерекше. Осы орайда, бүгін мектебімізде "Отбасы – бақыт мекені" атты жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Мектеп директоры А.З.Турегалиева күн тәртібіндег імәселелер бойынша ата-аналарға мектептің ішкі тәртібі, қауіпсіздік ережелерін, мектеп формасын, шаш үлгісін сақтау, себепсіз сабаққалдырмау қажеттігін түсіндірді. Мектеп психологы Ж.К.Тулеуова балалар мен жасөспірімдердің позитивтік өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруда және жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында кеңестер берсе, мектеп инспекторы А.М.Баймуханова кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындарда өздерін тәртіп ұстау қажеттігін, сағат 22.00-ден кейін оқушылардың ата-анасынсыз (заңдыөкілі) көшеде жүрмеу қажеттілігі ескертілді.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, жалпы жиналыстан кейін ата-аналар пән мұғалімдеріне жеке жолығып, сынып жетекшілері мен кеңесті.

 


Мектебімізде 16 қыркүйек күні «Жас Ұлан Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы және Балалар өкілдігінің алғашқы отырысы өтті. Отырыста 2022жылғы оқу жылына арналған іс-шаралар талқыланып, жаңадан құрамға қосылған белсенділермен таныстырылды

 


Пікір қалдыру