Created: 06 Қыркүйек 2022
9

Бүгін мектебімізде 9 сынып оқушыларына Орал станциясындағы ЖПБ бастығының орынбасары Д.Ә.Сатыбаев, 11 сынып оқушыларына әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы полиция подполковнигі Е.Аманғалиев «Жалпы құқықтық білім беру» атты дәріс оқыды

Бүгін мектебімізде 9 сынып оқушыларына Орал станциясындағы ЖПБ бастығының орынбасары Д.Ә.Сатыбаев, 11 сынып оқушыларына әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы полиция подполковнигі Е.Аманғалиев «Жалпы құқықтық білім беру» атты дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушылардың құқықтарын қорғау үшін енгізілген өзгерістер, қылмыстық жауаптылық, есірткі заттарын тұтынудың денсаулыққа тигізетін зияны жайында, сондай-ақ қылмыстың құрбаны болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгіну қажет екендігі ескертілді. Сонымен бірге, нашақорлық, әлеуметтік желі алаяқтығының және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында кеңес беріп, қойылған сауалдарға жауап берді.