Created: 06 Қыркүйек 2022
13

№45 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиыны өткізілді

№45 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күніне орай «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты салтанатты жиыны өткізілді. Мектеп директоры А.З.Турегалиева алғы сөз сөйлеп, үздік жетістіктерге жеткен ұстаздар қауымын марапаттады. Салтанатты жиынға облыстық білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының әдіскері А.Ж.Қуатова, ата-аналар комитетінің төрайымы Д.К.Арыстанова және ардагер ұстаз В.М.Надточая қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Жаңа оқу жылын 636 оқушымен бастап, 92 оқушы 1 сыныптың табалдырығын аттады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілей отырып, мектеп түлектері әліппе оқулығын табыстады. Салтанатты шара «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарымен жалғасын тапты.