Created: 01 Қыркүйек 2022
8

Хабарлама

Интернет алаяқтар

   Бүгінгі күні алаяқтық Қазақстанда қылмыстың  кең тараған түрі болып есептеліп отыр.Алаяқтың түрлері әр –түрлі болып келеді.Ақпараттық техналогиялардың дамуымен қатар оларды қолдану саласының кеңеюіне сәйкес  күнделікті  жаңа алаяқтардың жаңа түрлері болуда, оның ішінде  интернет –алаяқтық қылмысы жыл сайын өсуде.

Статистикаға сәкес 2022 жылдың  тамызында Батыс Қазақстан облысының аумағы бойынша 685 факті алаяқтық қылмысы тіркеліп,оның ішінде 60,6%-ы немесе 415 факт3с3 интернет- алаяқ санатына жатады.

Интернет-алаяқтың ерекшелігі-ол қылмыскерлер тек Қазақстанда емес,сонымен қатар басқа мемлекеттерде болуы мүмкін,қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатқа ие.

Аталған қылмыс түрлерін ашу,аса қиындық тудырады.Ақпараттық техналогияларды пайдалана отырып,тіркеу кезінде де, ақша алу барысында да қылмыскерлер өз жеке деректерін жасыру арқылы жасайды.

Банк қауіпсіздік қызметі- алаяқтар «банктің қауіпсіздік қызметі» немесе  «қаржы мониторингі қызметі» деген  атпен клиентке қоңырау шалып,олардың қарталары бойынша күдікті операция жасалғандығы туралы айтады.Ақшаны сақтау сылтауымен олар клиетті өз шотынан ақшаны ұрлау үшін бірқатар әрекеттер жасауға мәжбір етеді.Зиянкестер клиеттердің байланыс және жеке ақпаратын алады.

Алаяқтар картаның 16 таңбалы номерін,инсінің аты-жөні , карточканың кері жағындағы үш таңбалы кодтың қолдану мерзімі, сондай ақ банктің смс ,алған код алдап алады.Алаяқтар қоңырау шалу барысында телефонға жақсы қорғаныс жасау үшін арнайы қосымшаны орнатуды сұрайды.Барлық ақшаны ұрлауға мүмкіндік алады.Сондай –ақ  қоңырау шалу кезінде алаяқтар өз құрбандарын банкоматтан ақша алуға және оларды арнайы «қаражатты үнемдеуге» арналған шотқа аударуға сендіреді.

Сатып алу туралы хабарландыру – иетернетте алаяқтар көптеген жарнамаларды дайындайды.Жәбірленушіні таңдап алды.Сатып алушы ретінде олар мессенджер арқылы хат алмасады және сатып алуға саналы түрде келіседі.Ақшаны аудару үшін алаяқтар нұқу сілтемесін жібереді.Бір қарағанда сілтеме ешқандай күдік тудырмайды,бірақ басқан кезде пайдаланушыны фишингтік сайтқа жібереді.Бұл сайтта банк картасы,CVV-коды,ЖСН көрсетілген сауалнаманы толтыру  және ақша аударымын күту ұсынылады.Алайда деректемелерді толтырғаннан кейін банк карталарынан рұқсатсыз ақша шығару жүргізіледі.Сайт бірнеше секундтан  кейін бұғатталады,және ізін жояды.        

Онлайн –несиелерді рәсімдеу-  алаяқтар әртүрлі жолдармен соның ішінде үшінші тұлғалар арқылы толық банктік деректемелерді (банк картасының номері,ЖСН,жеке куәліктің номері) алады,оларға әлдекімдер өздерінің банк картасы жоқ немесе уақытша бұғатталған деген сылтаумен ақшалай қаражат аудару тиіс.Толық деректемелерді алғаннан кейін ұялы байланыс құралдары арқылы  онлайн кредит рәсімдейді.

Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:

  1. Өзіңіздің төлқұжат және өзге де дербес деректеріңізбен бөліспеңіз,банк карталарының номерін,пин-кодты,сондай –ақ ұялы телефоныңызға келіп түскен смс құпия сөздерді,тіпті егер өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырса да, ешкімге хабарламаңыз;
  2. Белгісіз тұлғаға ақша аудармаңыз;
  3. Байланыссыз төлемдер кезінде карта бойынша шығыс лиминтін орнатыңыз және мүмкін транзакциялардың мөлшерін шектеңіз;
  4. Өз құжатыңызға (жеке куәлік,банк картасы) қолжетімділікті шектеңіз,құжаттардың фото суреттерін ешкімге жібермеуіңіз керек,себебі олар келешекте микрокредиттік қаржы ұйымында микро қарызды рәсімдеу мүмкіндігіне пайдалана алады.
Пікір қалдыру